Адам  баласының  өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік  адамның жаңа  бір дүниені тануға және басқа адамдардың бағасын білуге деген  ұмтылысынан  туындайды.

Психологтардың  айтуынша, қарым –қатынас өзге адамның қажеттілігін  қанағаттандыруға  бағытталған  тұлғалар арасындағы әрекеттің  бір түрі болып саналады.  Қарым-қатынас негізінде баланың бойында өзіне тән қасиеттері, адамгершілік  көзқарастары, дүниетанымы қалыптасады.   Ата-ана үшін  бала қаншылықты қымбат болса , бала үшін де ата-ана махаббаты мен қамқоры өте маңызды. Қарым-қатынас  негізінде бала  мен ата-ана арасында байланыс орнайды, ең алдымен ол үстірт басталып, біртіндеп  тереңдей  береді. Бұл отбасында орын  алған  сыйласымдылық пен мейірімділік, түсіністік пен еркіндіктің нәтижесінде қалыптасады.  Қарым-қатынастың  ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Бұл жанұядағы байланысты реттейді,ата-ана тарапынан балаға бақылау  мен талаптарды  орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға  мүмкіндік береді.  Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады. Бала өмірінде белгілі бір кезеңде қарым-қатынасқа байланысты қиындықтар туындау мүмкін. Бірақ мұны жүрекке  алу тым жақын алудың қажеті жоқ.  Коммуникативтік  дағдылары  қалыптасқан  баланың  бұл  табысын ересектермен  бірлесе отырып жетілдіру қажет. Бала тәрбиесінде кейде еркіндік  қағидаларын ұстануды жөн көреміз. Мұндай жағдайларда балаларымыз көбінесе, еркіндіктің шегін білмей өседі, қыңыр, қырсық, кірпияз болады.  Ата-ананың  барлық назары  балада болады, баланың тағдырына ,денсаулығына қатты  алаңдайды, кейде тіпті,баласын ерекше талант,дарын,керемет ақылды  деп санайды, сол себепті баласына ерекше күтім мен бақылау қажет деп ойлайды. Біздің өмірімізде барлығымыз орындауға  міндетті белгілі нормалар мен талаптар бар.  Мұндай талаптар балаға  да қойылады.  Бірақ ол талаптар мен  нормалар  баланың  қажетттілігіне  сай әрі көп болмауы керек.Сонымен қатар баланы жазалаудан аулақ болған дұрыс. Ата-ана өзінің  әрбір іс-әрекеті, қимылы, көзқарасы арқылы  баласына айтарлықтай әсер ететін естен шығармаған жөн.