«Павлодар жоғары мұнай-газ колледжі» мекемесі мұнай-газ ісі бойынша жаңа мамандықтарды лицензиялауға байланысты 2006 жылғы 31 наурызда Павлодар облысының Әділет департаментінде тіркелді.

«Павлодар жоғары мұнай-газ колледжі» мекемесі - білім алушылардың кәсіби және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға, бітіруші мамандардың қазіргі қоғамда одан әрі оқуға және өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығына бағытталған жеке оқу орны. Колледж мұнай-газ саласының кәсіпорындары үшін келесі мамандықтар бойынша орта кәсіптік техникалық білімі бар мамандарды даярлаумен айналысатын білім беру мекемесі болып табылады:

0802000 «Мұнай-газ құбырлары  мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану»;

0805000  «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау»;

0808000 «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» (түрлері бойынша);

07320600 «Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау»;

07151100 «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану» (өнеркәсіп салалары бойынша).

Көрсетілген мамандықтар бойынша қабылдау күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша негізгі орта білім базасында (9-сынып базасында) және жалпы орта білім базасында (11-сынып базасында) жүргізіледі.

Колледж басшылығы бастаған оқытушылар ұжымы білім берудің мемлекеттік стандарттарын іске асыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Ұжымның кәсіби құзыреттілігі келесідей: 18 оқытушы, 1 техника ғылымдарының кандидаты, 4 оқытушы магистр дәрежесіне ие, жоғары біліктілік санаты бар - 7 оқытушы (39 %), бірінші санатты-1 оқытушы (6 %), екінші санатты - 2 оқытушы (11 %).

Мұнай-газ саласы мамандықтарының танымалдығы мұнай өндіру және мұнай өңдеу Қазақстандағы негізгі және перспективалы қызмет салаларының бірі болып табылатындығымен түсіндіріледі.