Спорттық өмір

Студенттерді сауықтыруға  және физикалық дамуына бағытталған іс-шаралар жүйесін іске асыру шеңберінде, салауатты өмір салтына ынталандыру,а байланысты 6 қаңтар күні Красноармейка аграрлы-техникалық колледж командасымен баскетбол бойынша жолдастық кездесу өтті.

13 желтоқсанда Тәуелсіздік Күні мен Жеңістің 75-жылдығына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша «Қыран-2019» жарысы өтті.

2-7 желтоқсан аралығында Павлодар қаласында  А.К. Татиевті еске алуға арналған жастар арасындағы бокстан халықаралық турнир өтті. Біздің колледждің СЭГГ-218 тобының студенті Бакаев Тлек 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз! 

6 желтоқсанда біздің команда 2 лига колледждерінің студенттері арасында ХХIX  Облыстық спартакиада шеңберінде өткен оқпен ату жарысына қатысты. Біздің колледжді келесі студенттерінің құрамындағы команда көрсетті:

4 қарашада 29 Облыстық спартакиада шеңберінде тоғыз құмалақ бойынша жарыс өтті. Біздің колледжді Сейтов  Адлет, Айбулат Әлімжан және Айтқали Корлан сынды студенттерден құралған ұлдар мен қыздар  командасы көрсетті.

23 қазанда «Seven» ойын-сауық клубында студенттер қатарына қабылдау өтті. Аталған мерекеге барлық курс студенттері қатысты. Бағдарламаны 2-курс студенттері жүргізді.

18-қазан күні «Баянтау» спорт сарайында 2 лига колледждерінің студенттері арасында Облыстық спартакиада шеңберінде теннис бойынша жарыс өтт