«Павлодар жоғары мұнай-газ колледжі» мекемесі – білім алушылардың кәсіби және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға, бітіруші мамандардың қазіргі қоғамда әрі қарай оқуға және өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығына бағытталған жеке оқу орны.
Колледж мұнай-газ саласының кәсіпорындары үшін келесі мамандықтар бойынша орта кәсіптік техникалық білімі бар мамандарды даярлаумен айналысатын білім беру мекемесі болып табылады:
07320600 «Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау»;
07151100 «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету» (өнеркәсіп салалары бойынша).
Аталған мамандықтар бойынша қабылдау күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша негізгі орта (9 сынып базасында) және жалпы орта білім базасында (11 сынып базасында) жүргізіледі.
Оқытушылар ұжымы білім берудің мемлекеттік стандарттарын іске асыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді.
Ұжымның кәсіби құзыреттілігі келесідей: 29 оқытушы, 1 техника ғылымдарының кандидаты, 8 оқытушы магистр дәрежесіне ие, «педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 1 (3%), «педагог-модератор» - 7 оқытушы (24 %).
Мұнай-газ саласы мамандықтарының танымалдығы мұнай өндіру және мұнай өңдеу Қазақстандағы негізгі және перспективалы қызмет салаларының бірі болып табылатындығымен түсіндіріледі.